{metadescription}
Қазгидромет: Елдің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын-шашын болады
Қазгидромет: Елдің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын-шашын болады

Қазгидромет: Елдің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын-шашын болады

Еліміздің батысы, солтүстігі мен орталығында ауа райы құбыла бастады. Желдің қарқыны үдеп, бірер күн жауын нөсерлетсе, аяғы қарға ұласты. Қарағандының көптеген жүргізушілері темір тұлпарын қысқа дайындамағаны бүгін әшкере болды. Таңғы қарбаласта қалада көлік апаты көбейіп, жарақат алғандар да болды.

Қостанай облысына да қар жауып, тіпті кейбір жолдарды жабуға да тура келді. Петропавлда жаңбырдан кейін жел көтеріліп, тас жолдар көктайғаққа айналған.

Қарағанды таң ата ақ қарбаласқа түсті. Түнімен жауған жаңбырдың арты қарға ұласып, минус 5 градусқа дейін төмендеген температура жолдарды жалтыратып жіберген. Соның салдарынан соңғы шуақты күндерге алданып, көліке қысқы доңғалақ салмағандар қозғалыстың шырқын бұзды. Қарағандыда түске дейін 20 дан аса жол көлік апаты тіркеліп, 8 адам түрлі жарақат алған. Дөңгелек ауыстыру бекеттерінің алды да ығы жығы болып шыға келді.

Алексей Хальков, жүргізуші:

- Таңертең жүре алмай қалдық. Тежегіш ұстамай сырғанақтай береді. Қазір кішкене ери астаған соң дөңгелек ауыстыруға келдім. Кезекте тұрғандар көп. Амал жоқ, күтеміз. Қысқы дөңгелекті құртпайын деп соңына дейін жүріп алып едім, соның сазайын енді тартып тұрмын.

Ал солтүстікте соққан желдің жылдамдығы секундына 24 метрге дейін жеткен. Арты қарға ұсқан жаңбырдан кейін тасжолдардың беті демде көктайғаққа айналып жатыр. Синоптиктер өңірді солтүстік циклонның лебі шарпығанын айтады. Жауын шашын ертеңдері тоқтауы тиіс, бірақ күн күрт суытады деп отыр.

Гүлзат Ғазизова, СҚО «Казгидромет» РММ бөлім басшысы:

- Жақын күндері солтүстік батыс антициклонының әсерімен күн райы күрт суытады деп болжаймыз. Түнде 10 градусқа дейін суытады. Күндіз 1-2 гардус жылымшы болады.

Қостанай облысы кешелі бері жауған қар, көктайғақпен алысып жатыр. Қаладан шыға беріс жолдарды қар басып, түнен бері жол апатына түсіп жатқандардың қарасы көбейген. Рудный-Качары-Федоровка бағытындағы жолды жабуға тура келді. Ал Нұрзұм ауданында мектептер жұмысын тоқтатқан.

Жалпы Казгидрометтің болжамы бойынша бүгін-ертең елдің басым бөлігінде қатты жел тұрып, жауын-шашын болады. Көктайғақ та әлекке салатын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде