Мейрам Қажыкен Жезқазған кеншілерімен кездесті
Кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат аясында Жезқазған мыс балқыту зауытында болды. Үміткер ондағы жұмысшылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Автор: Елдос Есенбол
27.10.2022
Еңбеккерлер кандидатқа көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Кеншілер секілді темір балқытушыларды ерте зейнетке шығу мәселесі толғандырады. Өйткені егде жастағы азаматтарға қызыл жалынмен арпалысып күні бойы жұмыс істеу оңай емес. Кездесу соңында зауыт жұмысшылары Мейрам Қажыкенге алдағы сайлауда сәттілік тілеп каска сыйлады. Бұдан соң кандидат еңбек орнында жарақат алғандарды жұмысқа орналастыру орталығына барып белсенділермен тілдесті.
Мейрам Қажыкен, ҚР президенттігіне кандидат:
- Кездесулер болды, жұмысшылармен, халықпен. Халықтан ұсыныстар естідім. Бұл Ұлытау өңірі қазаққа киелі жер деп айтамыз. Өйткені көп ғасыр бұрын қазақтар осы жерде біріккен. Сыртқы жауға қарсы тұруға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!