{metadescription}
Жигули Дайрабаев Қызылорда облысында күріш саласының  ғалымдарымен кездесті
Жигули Дайрабаев Қызылорда облысында күріш саласының  ғалымдарымен кездесті

Жигули Дайрабаев Қызылорда облысында күріш саласының ғалымдарымен кездесті

«Ауыл» партиясының кандидаты Жигули Дайрабаев Қызылорда облысына  аялдады. Үміткер Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен кездесті.

Дайрабаев күріш саласының білікті ғалымдарымен келелі кеңес құрып, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе Сырдың бренді саналатын күріштің жайы кандидатты алаңдатып отыр. Себебі, соңғы жылдары Сырдарияның арнасы тартылып экология  нашарлаған. Су тапшылығы күріштен несібесін тапқан шаруаларға қолбайлау болып отыр. Жигули Дайрабаев өз сөзінде ғылым мен өндірісті ұштастыру керек деді. Яғни, оқып қана қоймай, оны кәдемізге жаратсақ, құба-құп дейді кандидат. 

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- Күріш суға тоймайынша, топырақтың жағдайы, сапасы ешқашан болмайды. Сондықтан да ол бір мәселе. Екінші мәселе – Арал проблемасы. Қызылорда өңірін экология проблемасы мазалайды. Халық ол туралы бүгін кездесуде айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде