Нұрлан Әуесбаев Ақтөбеде тұрғын үй тауқыметін тартып жүргендермен жүздесті
Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбеде тұрғын үйдің тауқыметін тартып жүргендермен жүздесті.
Автор: Айғаным Достанбай
27.10.2022
Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Жаңақоныс-4 және Батыс-2 тұрғын үй талабымен жұртшылықтың шағымын тыңдады. Аталмыш аудан тұрғындары проблемаларын айтып әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен, мәселелері сол күйі шешілмей келеді. Мәселен, қала шетіндегі Жаңақоныс-4 ауданы тұрғындары 2018 жылдан бастап газ берілуін күтуде. Жергілікті билік қыркүйек айының соңына дейін бәрін қатырамыз деп уәде еткен. Бірақ газ әлі берілмеген. Және тұрғындар жолдың нашарлығына шағым айтты.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:
- Жалпы бірнеше кездесу болды. Оның ішінде 200-300 адамға жолығып, алаңдатқан мәселелерін тыңдадық. Көптеген мәселені түртіп алдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!