{metadescription}
Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда дағдарыс орталығындағы жаңдардың мұң-мұқтажын тыңдады
Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда дағдарыс орталығындағы жаңдардың мұң-мұқтажын тыңдады

Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда дағдарыс орталығындағы жаңдардың мұң-мұқтажын тыңдады

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды қаласындағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығына бас сұқты.

Кандидат өмірде қиыншылыққа тап болған әйелдермен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Сондай-ақ өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, алаңдатқан сұрақтарына жауап берді.

Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестік атынан ұсынылған болатын.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:

- Сайлауалды үгіт-насихат жоспарларымызбен дағдарыс орталығына келіп отырмыз. Әрине, қай өңірде жүрсем де, дағдарыс орталығына бармай кетпеймін. Бүгін мен үшін көңілге мұң қалдыратын жайт. Өйткені тағы да бір рет аналарымыздың көз жасын, балалардың шырылдап жылап жүргенін, өз отбасынан қашып, осындай жерге келіп, пана тапқанын, мәжбүр болып жүргеніне менің көңілім де, жүрегім де шыдамайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде