Президентті сайлауды ТМД ұйымынан 100-ден аса адам бақылайды
Президентті сайлауды ТМД ұйымынан 100-ден аса адам бақылайды. 10 бақылаушы бүгіннен бастап қызметіне кірісті. Ал қысқа мерзімге бекітілгендері Қазақстанға сайлауға екі-үш күн қалғанда келеді. Миссия мүшелері Қазақстандағы сайлау учаскелерін аралап, саяси науқанға дайындықты қадағалайды.
Автор: Айғаным Достанбай
27.10.2022
Ильхом Нематов, ТМД атқарушы хатшысының орынбасары:
- Бүгін біз бақылаушыларды бөлу мәселесімен айналысатын штаб ашамыз. Миссияны ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев басқарады. Оның құрамына достастық елдерінен барлығы – 100-ден астам адам кіреді. Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді, сол себепті сайлауды бақылауға ерекше көңіл бөлеміз.
ТМД-дан келгендерден бөлек, саяси науқан бейтарап бақылаушылардың назарында болады. Олардың да бірнешеуі қызметтеріне кіріскен. Мәселен, Партиялық емес байқау орталығының барлық өңірде штаб құрылды. Орталық төрағасының сөзінше, президент сайлауын байқауға келген халықаралық ұйымдардың миссия өкілдерімен тәжірибе алмасып, кездесулер жоспарланып отыр.
Төлеген Күнәділов, Партиялық емес байқау орталығының төрағасы:
- Сайлау күніне дейін 20 күн қалғанға дейін барлық сайлау учаске дайын болады. Солардың, мысалы, барлық азаматтарға қандай мүмкіндіктер жасалғанын, үміткерлердің ақпараттары туралы барлық мәселені қарасырып, 20 қараша күні еліміздегі сайлау учаскелеріне өз байқаушыларымызды жіберуге ниеттіміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!