{metadescription}
«Қайрат» футбол клубы Алматы әкімдігінің балансына өтуі мүмкін
«Қайрат» футбол клубы Алматы әкімдігінің балансына өтуі мүмкін

«Қайрат» футбол клубы Алматы әкімдігінің балансына өтуі мүмкін

«Қайрат» футбол клубы Алматы әкімдігінің балансына өтуі мүмкін. Бұл туралы бүгін қала әкімі тұрғындармен кездесуінде айтты. Клубтың жағдайы туралы Ерболат Досаевтан тұрғындардың бірі сұраған болатын.

- «Қайрат» клубы қазір қиын жағдайда. Мен 60 жыл жанкүйерімін. Соған көмек беру керек. Ақтөбе, Астанаға кетіп қалды. Олар көп ақша береді.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Бүгін «Қайрат» – жекеменшік клуб. Ол бізге әлі келген жоқ. Келгеннен кейін, қала көмегін береді. Аға, сот шешімі шықсын да.

Алайда «Қайраттың» бас директоры клубтың еш өзгеріссіз бұрынғы қалыпта жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Айтуынша, қалалық әкімдікке өту туралы ешқандай мәліметі жоқ.

Клубтың иесі қазір кәсіпкер Қайрат Боранбаев жеті айдан бері тергеу абақтысында отыр. Ол аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ықпалды бизнесмен «Қайрат» футбол клубын Алматы әкімдігіне берді деген алып-қашпа әңгіме осыдан екі апта бұрын тараған еді. Мұны да клуб басшылығы жоққа шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде