{metadescription}
Ақмола облысында ірі көлемде есірткі сатып жүрген күдікті ұсталды
Ақмола облысында ірі көлемде есірткі сатып жүрген күдікті ұсталды

Ақмола облысында ірі көлемде есірткі сатып жүрген күдікті ұсталды

Ақмола облысында ірі көлемде есірткі саудалаған күдікті ұсталды. 43 жастағы азаматты құрықтау операциясы Жібек жолы кентіндегі көлік терминалында өтті.

Аршалы ауданынан таксиге отырған Астана тұрғыны есірткінің кезекті партиясын әкеле жатқан. Автокөлікті тінту кезінде иісшіл ит орындықтың астынан екі полиэтилен орамасын тапты. Есірткіге ұқсас заттың иісін жасыру үшін күдікті пакеттерді қышқыл майонезбен алдын ала өңдеген екен. Бұған дейін оның ізіне түскен полицейлер арнайы іс-шара кезінде оның гашиш сатқанын анықтапты. Қазір бір жарым келі марихуанамен ұсталған Астана тұрғыны қамауға алынды. Ол есірткіні Астана және Ақмола облысының аудандарында тамыр-танысы арқылы саудалаған.

Виталий Гудыменко, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

- Қызылорда облысының тумасы есірткіні аса ірі көлемде оңтүстік өңірден тасымалдаған. Қазір ондағы әріптестерімізбен бірлесіп, осы іске қатысы бар адамдарды анықтап жатырмыз. Аса ірі көлемде есірткі саудасымен айналысу бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде