{metadescription}
Қарағанды билігі қала шетіндегі жұртты жайылымсыз қалдырған
Қарағанды билігі қала шетіндегі жұртты жайылымсыз қалдырған

Қарағанды билігі қала шетіндегі жұртты жайылымсыз қалдырған

Тұрғындарды су тасқынынан қорғамақ болған Қарағанды билігі қала шетіндегі жұртты жайылымнан қақты. Жылда арнасынан асатын Соланка өзені биыл тереңдегілген. Алайда жер үйлер мен мал жаятын жерді бөліп тұрған өзенге өткел салынбапты. Енді тұрғындар төрт түлігін өріске шығара алмай отыр.

Елеусіз Түсіпбаев, Қарағанды тұрғыны:

- Осы жерден басқа мал өтетін жер жоқ. Мына жерді қазып жатыр, енді көктемге қарай бұл жерді су басады, мал өте алмайды. Жерге тас салып, мал өтетін жол жасаймыз деген. Жасаған жоқ. Әкімдер осы ауылдың барын білмейді де ғой деймін. Бізде не депутат жоқ. Не әкім келмейді.

Қала шетіндегі Рабочий кенті тұрғындары көктемде қызыл судан зардап шегеді. Сондықтан биыл өзен арнасын тереңдету жұмысы жүргізілген. Енді қала іргесіндегі 600-ге тарта үй қорадағы малын өзеннен өткізе алмай қалатын түрі бар. Қысқа дейін амалдауға болады. Ал көктемде су деңгейі көтерілгенде, малды өріске шығара алмай қалатын болдық дейді тұрғындар. Бұл жұмысқа тапсырыс беруші – экология, геология  және табиғи ресурстар министрлігі. Олар тек өзенді тереңдетумен ғана айналыстық, көпір салу құзыретімізге кірмейді дейді. Тұрғындар жергілікті билікке де сан мәрте арызданған. Бірақ тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы бөлімі көпір мәселесі қаланың құрылыс жоспарында жоқ дейді 

Жалғасбек Қаппасов, Қарағанды қаласы комуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы:

- Өзеннен өтетін көпір қаланың нақты жоспарында жоқ. Тиісінше, ол нысан ешкімнің балансына алынбайды. Ал жоспарда көрсетілмеген жерден көпір салуға бюджет ақша бөлмейді. Мүмкін сәулет бөлімі, жер қатыныстары бөлімімен бірлесіп, сол жерге шығып тексеріс, геология жұмысын жүргізуі керек шығар. Бірақ бұл бірер ай немесе жылдың шаруасы емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.