Рақымшылық: Жазасын өтеп шыққандарға әлеуметтік көмек те қарастырылған
Бүгін сенаторлар қаңтар оқиғасы бойынша істі болғандарға рақымшылық жасау туралы Заң жобасын мақұлдады. Құжат президентке қол қоюға жіберілді.
Автор: Елдос Есенбол
27.10.2022
Ләззат Сүлеймен, Сенат депутаты:
- Заң жобасы теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандарды жазадан толық босатуды көздеп отыр. Ал жазасын өтеп шыққандардан соттау алынады. Ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған мерзімнің төрттен үш бөлігі, ал аса ауыр қылмыс үшін мерзімнің жартысы қысқарады.
Жазасын өтеп шыққандарға әлеуметтік көмек те қарастырылған. Яғни құжат рәсімдеп, дәрі-дәрмекке дейін берілмек. Баспанасы жоқтарды қиын жағдайға тап болған азаматтарға арналған орталықтарға орналастырады. Бұл заң бұрынғыдан өзгеше. Мысалы, бұрын рақымшылыққа ілігуі үшін азаматтың түзеу мекемесіндегі тәртібін назарға алатын. Енді олай болмайды. Жалпы заңның шапағатына мың жарымға жуық азамат ілігуі мүмкін.
Бұған дейін айтылғандай, қасақана кісі өлтіргендерге, қызметін асыра пайдаланғандарға, мемлекеттік төңкеріс жасағандарға кешірім жоқ. Сондай азаматтардың бірі кәсіпкер Қайрат Құдайберген болуы мүмкін. Оған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастарды деген айып тағылып істі болып жатыр. Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімін 6 желтоқсанға дейін ұзарғанын да айта кетті.
Жалпы құқық қорғау органдарынан 49 адам жауапқа тартылуда. Оның 17-сі – полиция, 12-сі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері.
Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Тероризм бабымен қазір екі іс қаралып жатыр. 24 ұйымдасқан топ мүшелері қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. 46-сы, меніңше, эктремистер, террористер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!