Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау штабы Ұлытау облысына табан тіреді
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб өкілдері Ұлытау облысына табан тіреді. Олар жаңа құрылған өңірдің жұртына және бірнеше кәсіпорын қызметкерлерін кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.10.2022
Қоғамдық штаб басшысы Ерлан Қошанов бастаған коалиция өкілдері Ұлытау халқымен кездесуде өңірлерді дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Содан кейін штаб мүшелері аймақтағы наубайханаға және мыс балқытатын зауытқа бас сұғып, кәсіпорын қызметкерлеріне кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі бастамасын түсіндірді. Сондай-ақ өндірістегі еңбек құқығын қорғау және өнеркәсіпті жаңғыртудың маңыздылығын да атап өтті.
Ерлан Қошанов, ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабының басшысы:
- Ұлытау ұлтты ұйыстырған қасиетті мекен. Коалиция болып осы Ұлытауға келіп отырғанымыз да бірлікті көрсетеді. Егер біз бір болсақ, сын-қатердің барлығын жеңеміз. Ол үшін бір тудың астында жиналуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!