Мейрам Қажыкен Қостанайда өлкетану мұражайы мен университетте кездесу өткізді
Ел президенттігіне "Аманат" кәсіподақтар достастығынан ұсынылған Мейрам Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында Қостанайға ат басын тіреді. Үміткер қалаға келген бойда ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының рухына тағзым етті.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
28.10.2022
Ғалымның ескерткішіне гүл қойғаннан кейін кандидат облыстық өлкетану мұражайына барып құнды жәдігерлерді көріп қайтты. Сондағы қызметкерлерге сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Әрі қарай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен жүздесті. Жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, кандидаттың бағдарламасына қатысты жеке ойын айтты. Мейрам Қажыкен облыстық штабтың жұмысымен де танысты. Қазір қоғамдық кеңесте 4 адам бар. Үгіт-насихат жұмысына еріктілер де тартылған.
Серік Сатмұхамедов, ҚР президенттігіне кандидат М.Қажыкенді қолдау бойынша облыстық штаб басшысы:
- Еріктілер АПМнің жағдайын қаланың ішінде іліп отыр. 17 аудан бар. 4 қала бар. Біз сол төрт қаланы алдық. Төрт қалаға баннер ілгізіп дайындап қойдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!