Қарақат Әбден Керекуде музыкалық колледждегі жастар өнерін тамашалады
Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Кереку өңірінде үгіт-насихат жұмысы жалғасуда. Үміткер бүгін шаһардағы дарынды балаларға арналған музыкалық колледжге барып, талантты жастардың өнерін тамашалады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
28.10.2022
60 жылдан астам тарихы бар колледже қазір 300-ден астам студент білім алып өнерін шыңдап жатыр. Мұнда халық аспабы, ән салу, шекті аспаптар секілді он бөлім бар.
Қарақат Әбден оқытушылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Ұстаздардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Еркін диалог құрып, тараптар ойларын ортаға салды. Кездесуден кейін кандидат облыстағы өңірлік штабқа ат басын бұрды. Онда үш адам жұмыс істейді. Аймақтағы 200 еріктінің 15-і Павлодарға тартылған.
Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:
- Ұлттық тәрбиені, ұлттық дәстүрді қоғамда насихаттайтын – ұстаздар. Осыны ұмытпауымыз керек. Музыкалық колледжге неге келдік? Себебі, өнер, музыка арқылы қоғам тәрбиеленеді. Осы кісілердің жұмысы өте зор.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!