Салтанат Тұрсынбекова: «Парақорлық кесірінен нәтиже көрмей отырмыз»
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сайлауалды бағдарламасының басты бағыты – жемқорлықпен күрес. Кандидаттың пайымынша, елде көпбалалы аналарды қолдауға қаншама реформа қабылданғанымен, парақорлық кесірінен нәтиже көрмей отырмыз.
Автор: Елдос Есенбол
28.10.2022
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан президент сайлауына түсіп жатқан Салтанат Тұрсынбекова Астанада көпбалалы аналармен кездесу өткізді. Қазақстандық әйелдердің мүддесін қорғап жүрген кандидат соңғы жылдары әйелдер мен балалар құқығын таптау оқиғасы жиілеп кеткеніне алаңдаулы.
Салтанат Тұрсынбекова халықтың әлеуметтік әлсіз тобына берілетін азық-түлік себетіне шүйлікті. Көмектің бұл түрі небәрі тағамның 43 түрін қамтиды екен. Кандидат дамыған мемлекеттерде азық-түлік себетінде 100-200 түрлі тауар барын мысалға келтіріп, озық елдерден тәжірибе алмасуды ұсынды.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:
- Кедейліктің төмен мөлшері деп отырмыз. Соның өзі де көп мәселеге әсер етеді. Бүгінде миллионға жуық адам осы халде өмір сүріп жатыр. 40-50 мың айлық – жеткіліксіз. Нарық заманында ондай жалақыға, ондай табысқа күн көру мүмкін емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!