{metadescription}
Еріккеннен аялдаманы талқандап тастаған – Түркістан
Еріккеннен аялдаманы талқандап тастаған – Түркістан

Еріккеннен аялдаманы талқандап тастаған – Түркістан

Түркістанда аялдаманы талқандаған оқушылар есепке алынды. Мектептен қайтқан сыныптастар ермек үшін аялдаманың әйнегін шағып тастаған. Бұл тентектігіне олардың ата-анасы халықтан кешірім сұрады.

13-14 жас аралығындағы бес ұл іші пысып, көшеде тұрған аялдаманы талқандапты. Шынысын таспен атып мемлеке мүлкін бүлдірген. Еріккен жеткіншектердің ерсі әрекеті тұрғындардың ашуын келтірген соң, көп ұзамай тәртіп сақшылары оларды тауып алды. Жасөспірімдер профилактикалық есепке тіркеуге алынды. Ал келтірілген шығынды өтеп, аялдаманы бүтіндеуге міндеттелген ата-аналары ұлдарының әрекеті үшін кешірім сұрады.

- Алматы көшесінің учаске бойындағы орналасқан аялдаманы біздің балаларымыз абайсызда сындырып қойыпты. Түркістан тұрғындарынан кешірім сұраймыз.

- Біз де кешірім сұраймыз.

- Сіздер ше, балалар?

- Енді қайталанбайды.

Елжас Асанов, Түркістан қаласы ПБ учаскелік аға инспекторы:

- Бес жасөспірімді ата-анасымен бірге басқармаға жеткізіп, іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қаласы әкімінің жанындағы жасөспірімдердің құқын қорғау комиссиясына іс-құжат жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде