{metadescription}
Алматыда әлемнің балет жұлдыздары шеберлік сабағын өткізді
Алматыда әлемнің балет жұлдыздары шеберлік сабағын өткізді

Алматыда әлемнің балет жұлдыздары шеберлік сабағын өткізді

Алматыда әлемнің балет жұлдыздары шеберлік сабағын өткізді. Мол тәжірибесімен бөліскен шетелдік өнер майталмандары қазақстандық жастардың талантын әлем тануы керек деп санайды.

Кездесу ЖасSTAR халықаралық фестивалі аясында өтті. Нұрсұлтан Назарбаев қоры 12 жыл қатарынан ұйымдастырып отырған шараның мақсаты – еліміздегі дарынды, болашағынан үміт күттіретін жастарды қолдау.

Алматы хореографиялық училищесінің студенттеріне ZhasSTAR фестивалінің орны бөлек. Таланты таудай олар дәл осы жерде мол тәжірибе жинап, жетістікке жетудің құпиясына қанық бола алады. Ол үшін шет елдерден арнайы мамандар шақырылған. Соның бірі – Берлин мемлекеттік балетінің әртісі  Давид Мотта Соарес.

Давид Мотта Соарес, Берлин мемлекеттік балетінің бишісі:

- Бүгінгі фестивальге келгенім өзім үшін де ерекше жаңалық. Бұған дейін жастарға шеберлік сабағын өткізген емеспін. Сондықтан бұл тек жас бишілерге ғана емес, өзіме де өте қызық. Өзіңде бар тәжірибемен, білгеніңмен бөліскен жақсы емес пе? Әрине оны жастар өз пайдасына жаратып жатса, титтей де болса пайдам тисе, тек қуанамын

Өнер мен мәдениетке және ғылымға әуесі бар әркімнің де бұл байқауға  бар таласы. Жеңіске жеткенін аталған бағыттар бойынша көркем көрмелер мен шеберлік сабағы күтеді. Бұдан бөлек қаржылай сый-сияпат та бар. Бұл жылы 80 студент Нұрсұлтан Назарбаев қорының стипендианты атанды.

Аружан Қапезова, М. Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенті:

- Тамыз айы болды. Бізге ешқандай хабар келген жоқ. Қыркүйек айы болды. Үмітімізді үздік, шынын айтқанда. Өзіме сенген жоқ болатынмын. Стипендияны жеңіп алғаныма қатты қуанам. Үш жыл бойы ақылы бөлімде оқып келе жатып, 4 курста жеңіп алу үлкен, жақсы сезімдердің бірі. Жақсы көмек болды.

Жалпы 18 сәуір мен 30 маусым аралығында өткен байқауға 300-ге жуық жас өтініш қалдырыпты. Өнер және мәдениет бағыты бойынша 25 оқу орнынан 112, ал ғылым саласы бойынша 40 жоғарғы оқу орнынан 181 студент құлшыныс танытқан.

Гаухар Тасбергенова, Н. Назарбаев қорының мәдениет жөніндегі кеңесінің мүшесі:

- Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Әсіресе студенттердің портфолиосына көңіліміз қатты толды. Яғни еліміздің өсіпөркендеуіне барын салатын жастарымыздың көп екенін аңғардық. Арасынан іріктеліп шыққан кіл мықтыларына бір жыл бойы ай сайын 40 мың теңге шәкіртақы беріліп отырады. Бұл да олардың болашақта үлкен жұлдыз болуға септігін тигізеді деп сенеміз.

Байқауға үшінші курсқа аяқ басқан ақылы және грантпен оқитын кез келген студент қатыса алады. 12 жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры дәл осындай 900-ге жуық ұл-қызға қолдау көрсеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде