{metadescription}
Үкім шықты. Сот залында Біртановтың өзі не деді?
Үкім шықты. Сот залында Біртановтың өзі не деді?

Үкім шықты. Сот залында Біртановтың өзі не деді?

Екі жылға созылған сот процесі аяқталды. Экс-денсаулық министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішовтің ісіне бүгін нүкте қойылды. Сот Біртановты – бес жылға, Әбішовты төрт жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Бұдан бөлек, олар 1 миллиард 350 миллион теңгені мемлекетке қайтаруы керек. Біртановтың өзі не деді?

Астана қаласындағы Сарыарқа ауданы сотының ғимараты Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке жақсы таныс. Өйткені олардың үстінен іс қозғалып жатқанына екі жылдай уақыт болды. Бүгін көпшілік күткен Біртановқа  сот үкімі оқылды. Мұны естуге жиналған жұрттың қарасы да қалың. 

Алдымен жиналғандар Біртановты қошеметпен қарсы алды. Арасында экс-денсаулық сақтау министрінің қолын алып жылы шыраймен амандасқаны да бар. Кейін дүйім жұрттың назары түгел сотқа ауды. Әуелі заң уәкілі Елжан Біртановтың санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатында пайдаланды деген айыптың дәлелденбегенін жеткізді. Соттың сөзін аяқтатқызбастан, залды жиналғандардың шуы көміп кетті.

- Сот Елжан Амантайұлы Біртановты кінәсіз деп тануға үкім шығарды... Ураа...

Бірақ соттың сөзі мұнымен аяқталмады.

Ибрагим Әлкенов,Астана қаласы №2 Сарыарқа ауданы сотының судьясы:

- Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылсын. Біртановқа – бес жыл, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалсын.

Бұдан бөлек, экс-денсаулық сақтау министрі мен оның орынбасары өмір бақи бірқатар мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Әйтсе де 1 миллиард 350 миллион теңгені ел қазынасына  құюға тиіс. Яғни сотталушылар бұл қомақты сомманы бөліп төлеуі керек. Бұл екеудің мемлекетке келтірген шығыны деп түсіндірді сот. Және Елжан Біртановты «Құрмет» орденінен айырып, Әбішовті жылына 100 сағат қоғамдық жұмысқа салуды кесті. Үкім оқып болған судьяның өзінің сот залынан асығыс шығып кетті.

Біртанов ұстамдылық танытты. Бұған дейін айтқандай, өзін кінәсіз екендігіне сенімді. «Мемлекетке адал қызмет еттім», - дейді ол.

Елжан Біртанов:

- Мен негізі айтайын, құрметті достар! Біздің ойымызша, біз жеңіске жеттік. Себебі, бүкіл халық, бүкіл менің әріптстерім бізге сеніп тұр. Біздің ойымызша, денсаулық сақтау министрлігі енді келесі деңгейде халықарылық компаниямен соттасады деп сенеміз. Себебі, сол жақтан ақшаны шығару керек. Бізде ондай ақша жоқ.

Айтпақшы, Біртанов пен Әбішовтің үйқамақта болған екі күні, жазасын өтеуде бір күн болып есептеледі. Демек, үкім күшіне енген күнде оларды бас бостандығынан шектеу мерзімі шамамен бір жылға қысқаруы мүмкін.

Үкім заңды күшіне енгенге дейін 15 күн уақыт бар. Осы мерзім ішінде соттолушылар айыппен келіспегендігін айтып шағым түсіруіне болады. Ал әзірге Елжан Біртанов Астана қаласындағы өз үйінде болатынын мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде