{metadescription}
Оңтүстік Кореяда қайтыс болған студенттің мәйіті ертең жеткізіледі
Оңтүстік Кореяда қайтыс болған студенттің мәйіті ертең жеткізіледі

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған студенттің мәйіті ертең жеткізіледі

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған студенттің мәйіті ертең елге жеткізіледі. 26 жастағы Мәдина Шерниязова Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде көпшілік арасында жаншылып қайтыс болған. 

Мәдинаның сүйегін әкелуге Оңтүстік Кореяға әкесі кетіпті. Мәдина  Ақтөбеде мектеп бітірген соң Қазан қаласындағы университеттің Шығыстану факультетінде оқып корей тілін меңгерген. Сеулде екінші мамандығын игеру мақсатында магистратурада оқыған. Марқұм Хеллоуин тойлауға шыққандармен тар көшеде бірге болып, мыңдаған адам арасында қалып қойған. Соңғы рет сол күні туған әпкесімен видео байланысқа шығып, достарымен мейрамда жүргенін айтқан.

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Мәдинаның мәйітін Ақтөбеге жеткізуге көмектеседі. Ол үшін арнайы рейс те қарастырылған. Мәдина оқушы кезінен Кореяда білім алуды армандаған еді дейді ұстаздары.

Алтынгүл Аткиева, №27 мектеп директорының орынбасары:

- Шерниязова Мәдина біздің түлегіміз. 2013 жылғы түлегіміз. Өте жақсы, керемет қыз. Мәдинаны тек жақсы жағынан білеміз. Кореяда оқығанын да білеміз. Пандемия кезінде сұраныс келіп жүрді: «Мәдина қай жақта, келді ме, Кореяда оқып жүр ме?» деп. Кешегі жағдай туралы естіп жатырмыз. Қаралы хабар ... сондай өте өкінішті. Атаанасына қиын болды ...

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде