{metadescription}
Бақытгүл Хаменоваға мемлекеттік айыптаушы 7 жыл жаза сұрады
Бақытгүл Хаменоваға мемлекеттік айыптаушы 7 жыл жаза сұрады

Бақытгүл Хаменоваға мемлекеттік айыптаушы 7 жыл жаза сұрады

Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға мемлекеттік айыптаушы 7 жыл жаза сұрады. Оған қоса, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіп, «Құрмет» орденінен айырып, мүлкін тәркілеу керек деп отыр прокурор.

Бүгін 4 жарым миллион теңге пара алды деп айыпталып жатқан шенеунікке қатысты сотта жарыссөз өтті. Айыптау қорытындысын оқыған прокурор Бақытгүл Хаменовасы үш жылға шегеруді де сұрады. Өйткені кәмелетке толмаған балаларының барын ескерген. Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы осы қылмыстық іске қатысы бар Облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті де 7 жылға соттауды сұрап отыр. Айта кетейік, екі шенеунік Атырауда Абай ескерткішін орнату үшін мемлекеттік сатып алу шартын жасау кезінде 4 жарым миллион теңге пара алды деп айыпталып жатыр.

Лаура Асанова, мемлекеттік айыптаушы:

- Құрметті сот айыпталушы Бақытгүл Хаменованы өмір бойы мемлекетік қызмет атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраймын. «Құрмет» орденінен айыру керек. Сотталушы жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпті жағдайда өтеуін, кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты бұл жазаны үш жылға кейін шегеруді сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.