{metadescription}
Ақтөбеде адам өліміне қатысты түнгі клубтың директоры ұсталды
Ақтөбеде адам өліміне қатысты түнгі клубтың директоры ұсталды

Ақтөбеде адам өліміне қатысты түнгі клубтың директоры ұсталды

Ақтөбеде екі адамның өліміне қатысты түнгі клуб директоры ұсталды. Ол қанды қылмыс туралы полицияға дер кезінде хабар бермей, қансырап жатқан меймандарына медициналық көмек көрсетпеген.

Осылайша екі жігіттің өліміне қатысты ұсталған адам саны 13-ке жетті. Жаппай төбелеске қатысып пышақ ала жүгіргендер мен оны көре тұра, ешкімге айтпағандардың бәрі қамауға алынды дейді тәртіп сақшылары. Оқиға осыдан бес күн бұрын болған. Түнгі клубқа келген төрт жігіт күзетшілермен сөзге келіп, артынан төбелескен. Оларды бір топ жігіт жабылып ұрып есінен тандырады. Онымен қоймай, екі адамды сол жерде пышақтаған. Ал қылмысты жасыру үшін өлген адамдардың денесін өзен жағасына лақтырып кетеді.

Осы оқиға бойынша алғашқы күні үш адам ұсталса, ертесінде қаладан қашып кеткен алты күзетші Ырғыз ауданында ұсталды. Қалған үш күдіктіні Астанадан жеткізген. Қылмысты жасырып қалмақ болған түнгі клуб директоры да қамауға алынды. Тексеру кезінде клуб күзетшілірінің лицензиясы болмаған. Аталмыш қанды қылмыстан соң Ақтөбедегі барлық түнгі клубқа тексеру жүргізіледі.

Нұрболат Сұлтанов, Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

- Ауыр қылмыс жасалғаны туралы айтпағаны және уақтылы медициналық көмек көрсетпегені үшін түнгі клубтың директоры ұсталды. Бұл клубтың лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.