{metadescription}
Сайлау: Мүгедек жандарға – инватакси, пандус, тактиль белгілер
Сайлау: Мүгедек жандарға – инватакси, пандус, тактиль белгілер

Сайлау: Мүгедек жандарға – инватакси, пандус, тактиль белгілер

Сайлау күні мүгедек жандарға инватакси жіберіледі. Оларға арнайы пандус пен тактильді белгілер де орнатылады. Ал дауыс беретін кабиналар арбамен жүретін азаматтар үшін жабдықталмақ.

Жұмыс тобының айтуынша, тек пандус қою – мүгедек адамдардың қажеттілігін шешпейді. Сондықтан адам құқықтары жөніндегі уәкіл жақын күндері барлық сайлау учаскісін тексеріп шықпақшы.

Сайлауға 20 күн уақыт қалды. Орталық сайлау комиссиясы дайындықты күшейтіп жатыр. Сайлау күні кез келген дауыс берушіге қолайлы жағдай жасалуға тиіс. 20 қараша күні мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы инватакси жіберілетін болады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльмира Әзімова мүгедек жандармен бірге учаскілердің дайындығын көріп қайтуға рұқсат сұрады.

Өйткені оларға ерекше жағдай жасалуға тиіс. Осыған дейін сайлау комиссиясына ишаратпен түсіндіру, бейне немесе дыбыстық хабарлау, жарықтандыру мәселесі бойынша ұсыныстар түскен екен. Көзі нашар көретіндер ұйымы брайл жазуымен трафареттер жасауға көмектескен.

Анастасия Щегорцова, ОСК мүшесі:

- Жоғарыда айтқанымдай, зағип және нашар көретін сайлаушылар үшін Брайль шрифтін пайдаланып бюллетень толтыруға трафарет жасау қарастырылған. Мүгедектерге арнайы жабдықталған орында арнайы бейімделген форматта өткізілетін науқан туралы барлық ақпарат, кем дегенде 54 см үлкен мониторы бар компьютер қойылуы қажет. Құлаққаптар, қосымша жарықтандыру және ұлғайтқыштар болуы керек.

Ал тек пандус қою мәселені шешпейді. Әрі әр сайлау учаскісі тіркелген азаматтардың ішінде қанша адамның мүгедектігі бар екенін білгендіктен, алдын ала қамдану керек дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Бұл жұмыстың барлығы облыс әкімдеріне жүктелген.  

Нұрлан Әбдіров, ОСК төрағасы:

- Сайлау учаскісіндегі комиссия қанша адам арбамен келетінін, бірінші, екінші топтағы қанша мүгедек келетінін біледі. Үшінші топқа жататын азаматтар өзі де келуі мүмкін. Әсіресе бірінші топқа артықшылық берілу керек. Өңірлердегі комиссияларға осыған мән беруді тапсырамын. Олар барлық учаскіде болмайды ғой.

 Өңірдегі тұрғылықты мекенжайымен сайлаушылар тізімі жасақталды. Санақ бойынша елде 11 миллион 950 мың 485 мың адам дауыс беруг құқылы. құқылы. Оларға 12 миллионнан астам бюллетень артығымен шығарылған. Дауыс беру парағында кандидаттар әліпби ретімен орналасады. Әбден Қарақат, Әуесбаев Нұрлан, Дайрабаев Жигули, Қажыкен Мейрам, Тоқаев Қасым-Жомарт, Тұрсынбекова Салтанат және «Бәріне қарсы» графасы.

ОБСЕ Қазақстандағы сайлауға 30 адамды ұзақ мерзімге бақылаушы етіп жібереді. Ал саяси науқан кезінде 300-ге жуық бақылаушы өңірлерді қадағалауға келеді. Ертеңнен бастап Орталық сайлау комиссиясының өкілдері де өңірлердегі учаскелерді тексеруге шығады. Бүгінде осындай 10 мыңнан аса сайлау учаскесі бар. Қажет болса жаңа сайлау учаскілері ашылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.