{metadescription}
Тоқаевтың штабы Қарағанды облысында кәсіпкерлер, шахтерлер және студенттермен кездесті
Тоқаевтың штабы Қарағанды облысында кәсіпкерлер, шахтерлер және студенттермен кездесті

Тоқаевтың штабы Қарағанды облысында кәсіпкерлер, шахтерлер және студенттермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері өңірлердегі сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр. Бүгін үміткердің жақтастары Қарағанды облысының кәсіпкерлері, шахтерлері және студенттерімен кездесті.

Қарағанды облысының кәсіпкерлерімен жүздескен кезде қазіргі президенттің ұлттық экономиканы дамыту және жеке бизнесті ынталандыру жөніндегі басымдықтары айтылды. Сондай-ақ, штаб мүшелері Қарағанды университетінің студенттері және оқытушыларымен кездесті. Ал «Казахстанская» шахтасының кеншілеріне еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған үміткердің бастамаларын түсіндірді.

Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері ел аумағында осы күнге дейін 5 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасын ұйымдастырған.

Тоқтар Әубәкіров, Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшесі:

- Қазақстанды өзгертуге, жаңартуға кішкентай болса да үлесімізді қосуымыз керек. Бір кісідей, барлығымыз 20 қарашада дауыс берейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде