{metadescription}
Мейрам Қажыкен Ұлытау облысында 18  қарашаға дейін бірқатар кездесу жоспарлап отыр
Мейрам Қажыкен Ұлытау облысында 18  қарашаға дейін бірқатар кездесу жоспарлап отыр

Мейрам Қажыкен Ұлытау облысында 18 қарашаға дейін бірқатар кездесу жоспарлап отыр

Мейрам Қажыкеннің Ұлытау облысындағы штабы үгіт-насихат науқанын жалғастыруда. «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан президент сайлауына қатысып жатқан кандидаттың қолдаушылары 18 қарашаға дейін өңірде бірқатар кездесуді жоспарлап отыр.

Штабта сайлауалды шаралар кестеге сай, қарқынды жүріп жатыр. Еріктілер кандидаттың парақшасын таратып жұртшылыққа сайлауалды бағдарламасын түсіндіруде. Тиісінше, штаб басшылығы да күн сайын өңірдегі мекемелермен қоса ұйымдардың кәсіподақтарымен кездес өткізіп жатыр. Бүгінде штабта 10-ға тарта адам жұмыс істейді. Облыстың барлық қаласындағы орталық көшелерге үгіт-насихат билбордтары мен плакаттары ілінген.

Берік Жағыпаров, ҚР президенттігіне кандидат М.Қажыкеннің Ұлытау облысы штабының басшысы:

 - Негізі Жезқазған, Ұлытау аймағы көп өндіріс алпауыттарынан тұрады. Жұмыскерлер көп бізде. Біздің мақсатымыз – әрбір ұжымға барып, әрбір адамға жеткізіп, өзіміздің үміткердің бағдарламасын көрсетіп, түсіндіріп, насихат жүргіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде