{metadescription}
Қарақат Әбден Алматы облысында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен кездесті
Қарақат Әбден Алматы облысында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен кездесті

Қарақат Әбден Алматы облысында шағын және орта бизнес кәсіпкерлерімен кездесті

Саяси додаға түсіп жатқан кандидаттың бірі Қарақат Әбден Алматы облысына ат басын бұрды. Өңірдегі бірнеше елдімекенді аралаған үміткер шағын және орта бизнесті дамытып жүрген кәсіпкерлермен кездесті.

Жиында кәсіпкерліктің маңыздылығына тоқталған Қарақат Әбден ел экономикасының дамуына зор үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ бизнес пен отбасылық құндылықтарды ұштастыра отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту керек деп есептейді. Осы орайда біршама жоспарлар да құрып қойған екен. Жалпы Талғар қаласынан бастау алған отбасылық бизнесті дамыту бойынша кездесу, артынша Тұздыбастау ауылында жалғасты.

Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:

- Экономикамызды жылжытатын нағыз үлкен дүние – отбасылық бизнес. Әр адам, әр отбасы тек мемлекеттен ғана көмек күтіп отырмай, өз әрекеттену керек. Балаларын еңбекке баулу керек деп есептеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде