{metadescription}
Жигули Дайрабаев: «Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін түбегейлі өзгерту керек»
Жигули Дайрабаев: «Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін түбегейлі өзгерту керек»

Жигули Дайрабаев: «Ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін түбегейлі өзгерту керек»

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаевтың аграрлық саланың дамуына көңілі толмайды. «Әсіресе ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесін түбегейлі өзгерту керек», - деп есептейді кандидат. Бұл туралы ол Ақмола облысының Аршалы ауданында сайлаушылармен кездесуде айтты.

Жиынға ауылдың 70-ке жуық тұрғыны қатысты. Олар кандидат бағдарламасына қызығушылық танытып қызу пікір алмасты. Сайлаушылар үміткерге тұтыну кооперативтерін құру мәселесіне қатысты сұрақ жаудырды. Себебі: ауыл елордадан таяқ тастам жерде орналасқандықтан, мұндағы әрбір шаңырақ ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін астана нарығына шығарғысы келеді. Осы орайда жиынға қатысушылардың басым бөлігі кандидаттан осы бағытта нақты шара қабылдауды күтетінін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде