{metadescription}
Нұрлан Әуесбаев: «Адал жұмыс істеп, салық төлей алатын қоғам қалыптастыру қажет»
Нұрлан Әуесбаев: «Адал жұмыс істеп, салық төлей алатын қоғам қалыптастыру қажет»

Нұрлан Әуесбаев: «Адал жұмыс істеп, салық төлей алатын қоғам қалыптастыру қажет»

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев республикалық штабында құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке кандидат сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарына тоқталды.

Кандидат құрылысшылармен еңбек қауіпсіздігі туралы пікір алмасты. Нұрлан Әуесбаев бұл салада өндірістік жарақат пен жазатайым оқиғалардың көрсеткіші өте жоғары дейді. Оған себеп жұмыс берушілердің қол астындағы қызметкерлердің қауіпсіздігіне салғырт қарауы, одан қалды, басы артық қаражат бөлгісі келмейтіндігінде болып отыр.Үміткер жағдайды өзгерту үшін азаматтар бай-бағландардың қысымынан қорықпай, адал жұмыс істеп, салық төлей алатын қоғамды қалыптастыру қажет деп есептейді.

Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:

- Қарапайым жұмысшылар түрлі саланың, түрлі компанияның жұмысшылары келіп проблемасын айтты. Шынында да, өте тартысты, тартымды өтті. Ашық пікірталас болды. Ендігі жоспар – оңтүстікке қарай жүреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде