{metadescription}
Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасында кездесу өткізді
Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасында кездесу өткізді

Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасында кездесу өткізді

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмысын Шымкентте жалғастырды. Үміткер шаһардағы тігін фабрикаларының біріне соғып, ісмерлермен кездесті.

1995 жылы ашылған тігін цехында 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның 90 пайызы – әйелдер. Кәсіпорын негізінен күш құрылымдарына қажет арнайы киімдер мен мектеп формасын тігеді. Кандидатпен кездесуде фабрика өкілдері кәсіпорынның жұмысына, кадр тапшылығы мен шикізатқа байланысты мәселелерін айтты. Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тігіншілерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.  

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:

- Шығаратын өнімін қазақстандық бренд деп атасақ та болады. Өйткені таң атқаннан кеш батқанға дейін сол жерде істейтін әйелдер бар өнерін, бар шеберлігін салып отыр. Бұл жерде пандемияға қарамай, дағдарыстарға қарамастан, мынандай фабрикалар жұмыс істеп келе жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде