{metadescription}
Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар көбейген
Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар көбейген

Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар көбейген

Ақтөбеде тұмау өршіп тұр. Айналдырған бір айда осы індетті жұқтырып қана қоймай, 75 адам ауруын асқындырып алған. Вирус өкпеге кетіп, пневмонияға шалдыққандар көбейіпті.

Мұхтар Сербаев, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Былтыр тұмаудың бірдебір жағдайы тіркелген жоқ еді. Соның ішінде оқушылар арасында да жедел респираторлы инфекция тіркеліп жатыр. Қазір тұмаудан пневмония, басқа да адам ағзасына келген зияннан ауруханаға жатқандар көбейіп жатыр.

Ақтөбеде жедел респираторлы вирус жұқтырғандар жетерлік. Әсіресе балалар мен жүкті келіншектер көптеп ауырып жатыр. 500-ден аса оқушы мен бір жасқа толмаған 132 бүлдіршін дәрігер көмегіне жүгінген. Мамандар бұл тұмаудың түрі жаман деп отыр. Әдеттегідей науқастардың ыстығы көтеріліп, тыныс алу мүшелерін бітеп қана қоймай, тамаққа зақым келтіреді екен. 28 адам тұмаумен, 50-ден аса тұрғын жұқпалы респираторлы вирус жұқтырып ауруханада жатыр. Олардың екеуінің жағдайы тым ауыр. Мамандар бұл вирустың таралуы қараша да тоқтамайды дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.