Астанада жол апаты – аялдамаға соғылып, өзге көліктерге зақым келтірген
Бір ажалдан аман қалды. Елордада темір тұлпар тізгініне ие бола алмаған жүргізуші аялдамаға соғылып, артынша өзге көліктерге зақым келтірген. Оқыс оқиға Астанадағы Абылай хан даңғылының бойында түнгі сағат үш жарымда болған.
Автор: Елдос Есенбол
31.10.2022
Бейнежазбада қатты жылдамдықпен жүйткіген Фольксваген автокөлігін байқауға болады. Жүргізуші кенет бұрылып, жол жиегіндегі автобус аялдамасына соғылады. Кейін бірнеше рет аударылып, сол маңдағы бірнеше көлікті зақымдаған. Аялдама да бүлінген. Ал тізгінге ие бола алмаған 31 жастағы азаматтың ішімдік ішкені анықталып, 20 тәулікке қамады.
Эльмира Шауленова, Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы:
- Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрыла отырып, 20 тәулікке қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!