{metadescription}
Қарызын қайтарғысы келмеген әйел көршісін жарға жығып өлтірген – Түркістан облысы
Қарызын қайтарғысы келмеген әйел көршісін жарға жығып өлтірген – Түркістан облысы

Қарызын қайтарғысы келмеген әйел көршісін жарға жығып өлтірген – Түркістан облысы

Қарыздан құтылу үшін қылмысқа барған. Түркістан облысында берешегін қайтарғысы келмеген әйел көршісін жарға жығып өлтірді.

Оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу шатқалында болған. Көршісінен қомақты қарыз алған күдікті ақшаны бере алмайтынын біліп, оны тауға шақырған. Жартас басына жеткенде құздан итеріп жіберіп, өзі ізін суытқан. Марқұмның денесін осы айдың басында төтеншеліктер тауып алған. Тіпті алғашында бұл үш айдан бері іздестіріліп жатқан қос үндістандық студенттің бірі деген болжам болған. Алайда сараптамадан соң, марқұм шетелдік студент емес, Төлеби ауданының тұрғыны екені анықталды. Оны өлтірген әйел қамауға алынып, ол қылмысын толық мойындаған.

Қанат Дүмшебаев, Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Қылмыстың себебі, күдіктінің жәбірленушіден қарызға ақша алғаны түрткі болған. Сол қарызды қайтармау мақсатында күдікті жәбірленушіні алдап, Ақсу өзенінің бойына алып келіп, сол жерде жартастан итеріп жіберген. Жәбірленуші алған жарақаттардан қаза болғаны анықталды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде