{metadescription}
Оралдағы саяжай тұрғындары қыс алдында қорқып отыр
Оралдағы саяжай тұрғындары қыс алдында қорқып отыр

Оралдағы саяжай тұрғындары қыс алдында қорқып отыр

Орал қаласының іргесіндегі саяжай тұрғындары қақаған қыста жылусыз қаламыз ба деп қорқып отыр. Себебі: электр энергиясы жиі сөніп, газ пештері істен шыққан. Қоңыр күздің өзінде-ақ тоңа бастаған жүздеген отбасы жергілікті биліктен аязға дейін осы мәселені шешіп беруді сұрап отыр.

Динара Мұхамбетжанованың үйінегі ең қажетті құрылғы – қолшам. Отбасымен бұл үйге былтыр қоныстанған. Алғашында сымдарға мұз қатып немесе қатты желден жарық өшеді деп ойлаған. Алайда күншуақтың өзінде жарықсыз қалған күндер көңіліне күдік ұялатыпты. Айтуынша, жарықсыз күн көруге болады, бірақ жылусыз тірліктің шырқы кетеді. 

Динара Мұхамбетжанова, Орал қаласының тұрғыны:

- Ай сайын 10-15, ең аз дегенде бес-алты рет өшеді. Ал газ пешінің қайнатқан суы насоспен тарайды, ол істемесе, қайнаған су тарамай, пеш жарылады. Көбі пешін солай құртты. Амалсыз оны да өшіруге тура келеді. Осылай күн кешіп отырмыз.

Тұрғындар баспанасында Орал тұрғыны ретінде тіркеуде тұр. Сонда да коммуналдық мәселе шаш етектен. Қала іргесіндегі  саяжайларда бірнеше мың тұрғын бар. Бірақ бұл жаққа қоғамдық көлік сирек жүреді. Оның өзі орталық көшеге кірмейді. Көлігі жоқтар аялдамаға жаяу жетеді. Әсіресе балаларға қиын.

Наталья Ермольчева, Орал қаласының тұрғыны:

- Мектепке жаяу барады. Ол түгілі, балабақшаға жаяу сүйретіледі. Көлігі барларға жеңілірек. Қалғандарының күні осы.  

Көлемі жылдан жылға ұлғайып шағын ауданға айналған саяжайлар –  жергілікті биліктің бас ауруы. Мұнадағылар қала тұрғыны ретінде ресми тіркеуге алынғанымен, өз күнін өзі көріп отыр. Электр желілері саяжай серіктестіктерінің балансында болғандықтан, оны қалыпты жағдайда ұстау тұрғындардың мойнына жүктелген. Бірақ әбден тозығы жеткен дүниені күрделі жөндеуден өткізуге саяжайды паналағандардың қалтасы көтермейді.  

Данияр Оспан, Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Қала әкімдігі, яғни жергілікті атқарушы орган желілерді балансқа алуға әзір. Ол үшін саяжай серіктестіктері көп процедурадан өтуі керек. Ал әзірге электр желісі солардың балансында болғандықтан, күрделі жөндеуге бюджетттен қаражат бөлу мүмкін емес.

Саяжайларды ресми түрде шағын аудан қатарына қосуға да шенеуніктердің құлшынысы байқалмайды. Сондықтан саяжайлардағы жол, қоғамдық көлік, жарық мәселелері өзіне жүк болып қала бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.