{metadescription}
Жақсылық Қазымұратұлы: Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатуға  қандастарымыз сүбелі үлесін қосады
Жақсылық Қазымұратұлы: Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатуға  қандастарымыз сүбелі үлесін қосады

Жақсылық Қазымұратұлы: Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатуға қандастарымыз сүбелі үлесін қосады

«Ғылымға, мәдениетке, өнерге үлесін қосу үшін атажұртқа оралатын  қандастардың көші тоқтамауы керек». Белгілі ақын Жақсылық Қазымұратұлы тарихи Отанына оралғысы келетін қазақтар әлі де көп деген ойымен бөлісті.

Әлемді жайлаған пандемияға байланысты соңғы екі жылда Қазақстанға қоныс аударушы қандастардың қарасы күрт кеміген. Енді жағдай тұрақталған соң, бағытын атажұртқа бұрғандардың қарасы көп. Жақсылық Қазымұратұлының өзі 2000-жылдары Қытайдан еліне оралып, осында тамырын тереңге жіберді. Ақындықпен қатар жеке кәсібін де дөңгелетіп отыр. Елде жасалып жатқан жағдай, қолға алынған оң өзгерістерді айтып, сырттағы қандастарды көшуге үндеп жүр. Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтата беруде  дәл осы қандастар сүбелі үлесін қосады деген пікірде.

Жақсылық Қазымұратұлы, ақын:

- «Елім», «жерім», «атажұртым» деп келген қазақтардың осы жаққа бейімделуін, кәсіп ашуын, өндіріс бастауын, ғылымға, өнерге, әдебиетке үлес қосқанын біз демеп жіберсек. Көштің де алдынан сусын алып шығады ғой, сол сияқты, жақсы көңілмен қарсы алып, сіз боп, біз боп, көшті аяғына дейін жеткізуіміз керек. Бұл біздің атабабамыздың арманы, бұл біздің тәуелсіз Қазақстанның бір алтын тұғырлы нақты бір мақсаты болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.