{metadescription}
KoduGameCup: Еліміздегі дарынды балалар компьютерлік ойыннан  сайысқа түсті
KoduGameCup: Еліміздегі дарынды балалар компьютерлік ойыннан  сайысқа түсті

KoduGameCup: Еліміздегі дарынды балалар компьютерлік ойыннан сайысқа түсті

Елордада дарынды балалар бас қосты. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жеткіншектер компьютерге арнап құрастырған ойын көрсетуден сайысқа түсті. KoduGameCup турнирі Елбасы академиясы корпоративтік қорының қолдауымен өтті.

Ақжол Мейрімбеков, Қазылар алқасының мүшесі:

- Бізге 400-ден астам өтініш түсіп, соның жүзден астам жұмысы ұсынылды, 50-ден астам жұмыс финалға өткізілді. KoduGameCup платформасы бағдарламалау және де әртүрлі әлем және ойын құру бағдарламасы болып келеді.

Бастама техника тілін білетін балақайларға үлкен мүмкіндік. Сайысқа қатысуға 9-14 жас аралығындағы жеткіншектер ниет білдірген. Тек KoduCup.kz сайтына тіркеліп өтініш берсең болды дейді ұйымдастырушылар. Ары қарай олар 12 бөлімнен тұратын нұсқаулықпен танысады. Кейін тапсырмасын алып ойын құрастырады. Ал финалда іріктілген 50-ден астам қатысушы сол жобаларын қорғап шықты. Үздіктері ноутбугпен, басқа да бағалы сыйлықпен марапатталды. Ұйымдастырушылар сайысты жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Іріктелген бүлдіршіндердің арманы асқақ, қиялы ұшқыр. Басым көпшілігі болашағын IT саласымен байланыстырғысы келеді.

Мейрам Шамаев, Астана қаласы №69 мектеп-гимназиясының оқушысы:

- KoduGameCup бағдарламасы арқылы детектив ойын жасадым. Бұл ойында ойыншы детектив рөлінде музейдегі суретті кім ұрлағанын табуы керек. Ойында дәлелдер бар, сол дәлелдер ұрыны табуға көмектеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.