{metadescription}
Жамбыл облысында пойыз бен көлік апатынан алты адам өлді
Жамбыл облысында пойыз бен көлік апатынан алты адам өлді

Жамбыл облысында пойыз бен көлік апатынан алты адам өлді

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы жеңіл машинаны соғып, 6 адам ажал құшты. Қаза тапқандардың үшеуі кәмелетке толмағандар. Отарба Аудиді темір жол өткелінде тас-талқан еткен.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы тексеріліп жатыр. Ал тұрғындар оқыс оқиғаға теміржолшыларды кінәлауда. Өткені қозғалысты реттейтін шлагбаумды алып тастаған дейді.

Бұл кадрлар бүгін таңда түсірілген. Аудидің ішінде алты жолаушы болған. Ешкім тірі қалмаған.

- Пойыз қағып кетіп алты бірдей адам осы жерде жатыр.

Қайғылы жағдай Қарасу ауылы маңында болған. Жеңіл машина теміржол өткелінен өте бергенде жүйіткіген жолаушы пойызы екіпінмен келіп соққан. Ондаған метрге сүйретілген Ауди бөлшектеніп әр жерде шашылып жатыр. Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. Қазір осы дерекке қатысты тергеу басталды.   

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы:

- ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет  сараптамалар тағайындалды.Оқиға орнында кезекшi жеделтергеу тобы жұмыс iстеп жатыр. Оқиғаның мәнжайы анықталуда.

Қаза тапқан алты адамның бесеуі – Мойынқұм ауданының тұрғыны, біреуі  Тараз қаласынан. Үшеуі – кәмелетке толмаған жеткіншектер. Жеңіл машинаға лық толған жолаушылардың қайда бара жатқаны әзірге айтылмады. Ал жергілікті жұрт оқыс жағдайға теміржолшыларды кінәлайды. Өйткені олар өткелдегі қауіпсіздікті реттеуші мамандарды қысқартуға жіберіп, шалагбаумды алып тастаған дейді.

Еңсебек Әбілғазиев, Меркі ауданының тұрғыны:

- Өткелді жауып тастағанның кесірінен болды. Баяғыда да апат көп болатын. Сосын шлагбаум қойған. Оны алып тастағалы он шақты күн болды. Он шақты күнде алты адам өліп отыр. Тұман, көрінбейді. Ішінде жас балалар бар. Бұл жердегі шалагбаумды жабатын жөні жоқ еді.

Ұзақ жылдан бері теміржол саласында еңбек еткен Мақсұт Ұлықпанов та бұл шешімнің қате екенін о баста ескерткенмін дейді. Бірақ оның уәжіне ешкім құлақ аспаған.

Мақсұт Ұлықпанов, Меркі ауданының тұрғыны:

- Өткелді жаппаңдар, бұл ойыншық емес деп айттым. Ай қарап отыр ма, КТЖ бастықтары?! Кім кінәлі, ал?! Шлагбаум болса, мұндай болмас еді. Неменге үнемдеп жатыр? Обал ғой, алты адам бірдей қайтыс болды. Бұл әртүрлі техника тоқтаусыз жүретін теміржол өткелі. Тұрғындар бұдан былай да қайғылы жағдайлар бола ма деп қауіптенеді. Сондықтан жауаптылардан қайта кезекші қойып, шлагбаум орнатуды талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде