{metadescription}
Батыс өңірде ауа райы тұрғындарды әбігерге салып жатыр
Батыс өңірде ауа райы тұрғындарды әбігерге салып жатыр

Батыс өңірде ауа райы тұрғындарды әбігерге салып жатыр

Еліміздің батыс өңірінде қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбырдан Ақтөбеде көшелер суға толып, көлік қозғалысы қиындады. Жауын арты қарға ұласып, көктайғақ болады дейді синоптиктер.  

Тәртіп сақшылары ең алдымен жүргізушілерге ескерту жасап, дереу көліктерінің жаздық доңғалағын ауыстыруды сұрайды. Бұл өңірде жаңбырмен қоса жел де күшейген.

 Ал Оралда алғашқы қар коммуналдық қызмет пен энергетиктерді әбігерге салды. Бұл жақта бұрқасын желден үш мыңнан аса шаңырақ жарықсыз отыр. Деркөл, Зашаған мен Телеорталық ықшамаудандарында электр желілері үзілген. Әкімдіктегілер таңнан бері телефонға маза жоқ дейді. Орал қаласында электр желілерінің сексен пайызы тозған. Сәл ылғалды қар тисе, үзіліп кетеді деп ашынады шенеуніктер. 

Мирас Мүлкәй, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

- Оралда электр желілерінің тозығы сексен пайыздан астам. Енді бүгінгі күні үш мыңнан астам абонент жарықсыз отыр. Таңғы төрттен бастап қар аралас жаңбыр жауып, қарға айналды. Содан бізге ауыртпашылық туғызып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде