{metadescription}
Сұлулардың талас-тартысы – «Мисс Қазақстан»  дауы
Сұлулардың талас-тартысы – «Мисс Қазақстан»  дауы

Сұлулардың талас-тартысы – «Мисс Қазақстан» дауы

Сұлулық сайысынан шыққан ши! Республикалық «Мисс Қазақстан» байқауы басталмай жатып дауға ілікті. Жақында аталған жобаның басшылығы  жаңа ереже енгізілген. Соған сай өңірдегі додадан жеңіп шыққан кейбір сұлулар басты байқауға қатыспайтын болыпты.

Атап айтқанда Петропавл, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Орал, Талдықорғанның намысын қорғаған сұлулар республикалық деңгейде өнер көрсетпейді. Мұны байқау ұйымдастырушылары ереженің өзгергенімен түсіндіруде. Сұлулардың талас-тартысы туралы Айман Нұрмағанбет айтып берсін. 

«Мисс Қазақстан» байқауы әлі өткізілмей жатып жырға айналды. Дода қатысушыларының айтуынша, бұрын өңірлік байқаудан жеңіп шыққандар тікелей республикаға жолдама алса, биыл республиканың өзіне тағы жартылай финал ұйымдастырған көрінеді. Бұл өскемендік сұлу Ариана Мұратқанованың 24 қыркүйекте аймақтық байқауды жеңіп алған сәті. Қуаныштан жүзі бал-бұл жанған ару бұл кезде өзінің республикалық байқауға қатыспайтынын білмеген. Арада көп уақыт өтпей, «Мисс Қазақстан» байқауының ұйымдастырушылары онлайн жартылай финал өткізілетінін айтқан. Оның өзі сайысқа екі сағат қалғанда хабарланды дейді Ариана. Айтуынша, онлайн сұхбатта түрге де, бойға да қарамай, сұрақ қойып, оны мақтап-мақтап, сосын бір күннен кейін қатыспайтынын айтқан.

Ариана Мұратқанова, «Өскемен аруы -2022» байқауының жеңімпазы:

- Қаншама дайындық, қаншама стресс, қаншама көз жас дейікші, былайша айтқанда, қаншама қаражат кеткен кезде, былай барамыз деп тұрған жерде, біздің сағымызды сындырып, осындай дүние болғаны дұрыс емес деп санаймын. Нақты бір себебін айтса немесе бұл бір үлкен мемлекеттік дәрежедегі конкурс болғаннан кейін олар нақты бір ретін айту керек деп ойлаймын. Тізімін шығарып, осындай қыздар өтті, осындай қыздар өткен жоқ. Олардың өткен себебі осындай деген сияқты. «Бұндай әділетсіздік болу себебі қандай?» деген сұраққа жауап алғымыз келіп тұр.

Бұл тек өскемендік ару Ариана емес, дәл сондай Ақтау, Петропавл, Қызылорда, Орал, Талдықорған, Тараздық арулардың басында болған жағдай. Олар да қатыспайтынын естігенде таң қалдық деп отыр. Бірақ кейбірінде өңірлік конкурс болмаған. Мәселен, Таразда әу бастан ұйымдастырушылар 400 қыздың ішінен Гүлжан Әуесбаеваны таңдап алған екен. Алайда соңында одан да бас тартқан.

-  Гүлжан Әуесбаева, «Қазақстан аруы - 2022» байқауының қатысушысы: - Тараз қаласында өңірлік конкурс өткен жоқ. Ал басқа қалаларда конкурстан өткен қыздарға өте өкінішті. Өзіміз туралы бес минуттың ішінде қысқаша мағлұмат бердік. Ертесінде, 26 қазанда финалға өтпегенім туралы хабар айтты. Қандай да бір себебін айтқан жоқ. Не себептен өтпегенімізді.

Ал ұйымдастырушылар биыл байқау ережесін қатаңдаттық дейді. Айтуларынша, республикадан жеңген қыз әлемдік додаға қатысатын болғандықтан, барлық талапқай сай келуі керек екен. Сол себепті іріктеу өте қатал өтті дейді.

Айдай Исаева «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының президенті:

- Биыл жеті аймақты таңдаған жоқпыз. Өйткені оның арасында 16 жастағы қыз болды. Кәмелетке толмаған қыздар бар. Мысалы. бойы ұзын ғой, бойына қарап таңдамайды десе басқа жері бар. Талапқа сәйкес бойы, түрі, оның бойытүрінен бөлек, ішкі, жаңағы, қалай өзін көрсетуі оның энергиясы, оның интеллекті, оның білімі – барлығы сәйкес келуі керек. Біз енді биылдан бастап талабымыз жоғарылай бастады. Әр аймаққа талабымыз жоғары. Әр қызға, әр қатысушыға. Өйткені біз әлемдік деңгейге қатысу үшін сол стандартқа сәйкес келуіміз керек. Өйткені, «Қазақстан аруы» – біздің бетбейнеміз.  

Ұйымдастырушылар республикалық байқауға жолдама алмаған жеті аймақтың сұлуларының орнына басқалар қатысады дейді. Оларды кастинг арқылы таңдап алыпты. Бірақ финалистердің нақты тізімін көрсетпеді. Өйткені финал әлі барлық өңірде толық өткізілмеген. Оның аяқталуын 9 қараша күні өтетін баспасөз мәслихатында жарияламақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде