{metadescription}
 Есік қаласында балабақша қызметкерлерімен кездесті
 Есік қаласында балабақша қызметкерлерімен кездесті

Есік қаласында балабақша қызметкерлерімен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Алматы облысындағы үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр. Үміткер Есік қаласында балабақша қызметкерлерімен кездесті.

Жиында кандидат сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік сала мен бала тәрбиесі мәселесіне ерекше тоқталды. Ең алдымен үміткер еліміздегі мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетіспеушілігіне қынжылып отыр. Яғни балабақшалар санын арттырып, мемлекеттен қолдау жасалуы керек дейді. Сондай-ақ жекеменшік және мемлекеттік балабақшалардағы ай сайынғы төлем теңестірілу керек деп есептейді.

Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:

- Ең үлкен мәселе – бала қауіпсіздігі. Атаана жақсы өмір сүру үшін, балаларына жағдай жасау үшін күні-түні жұмыс істеуде. Сол кезде баласын тастайтын орын жоқ. Сондықтан да күні-түні жұмыс істейтін балабақша керек деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.