{metadescription}
Салтанат Тұрсынбекова: «Аналардың мұң-зарына ойланбау мүмкін емес»
Салтанат Тұрсынбекова: «Аналардың мұң-зарына ойланбау мүмкін емес»

Салтанат Тұрсынбекова: «Аналардың мұң-зарына ойланбау мүмкін емес»

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын Шымкент қаласында бастап, Түркістан облысында жалғастырды. Сонда құқық қорғаушылармен кездесіп, отбасын қорғау орталығының жұмысымен танысты.

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат ең әуелі қаладағы адвокаттар алқасымен кездесті. Жиында заңгерлер жиі тап болатын проблемалар қаузалып, ұсыныстар айтылды. Кейін Түркістан облысы Сайрам ауданына ат басын бұрды. Ақсукент елдімекеніндегі отбасын қолдау орталығындағы әйелдермен кездесті.

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:

- Бұл жиылысқа полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар қатысты. Психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Өте бір жанға бататындай әңгіме болды. Өйткені аналардың мұңын, зарын естіп ойланбауға, толғанбауға мүмкін емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.