{metadescription}
Брендті кіржуғыш ұнтақтарды қолдан жасап сатып келген – Түркістан
Брендті кіржуғыш ұнтақтарды қолдан жасап сатып келген – Түркістан

Брендті кіржуғыш ұнтақтарды қолдан жасап сатып келген – Түркістан

Түркістанда кір жуғыш ұнтақты қолдан жасап, танымал бренд ретінде сатып келгендер ұсталды. Оңай олжаның көзін тапқан жергілікті тұрғын бұл іске Өзбекстан азаматын тартқан.

Заңсыз кәсіппен айналысқан азамат баспанасын кішігірім зауытқа айналдырған. Жертөлесінен цех жасап, бөлмелерін арзан қолдан жасаған ұнтаққа толтырыпты. Тінту кезінде 8 тоннадан асатын дайын өнім тәркіленді. Одан өзге электронды таразылар, тығыздағыш машиналар да табылған. Жұмысшылар полиэтиленді пакеттерге шамалап салып, оларға белгілі брендтің жапсырмаларын іліп, сауда нүктелеріне жеткізіп отырған. Пысықайлардың қанша уақыттан бері жасырын кәсіппен айналысып, қанша пайда тапқанын тергеушілер анықтап жатыр.

Ғалымбек Тұрысбеков, Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

- ҚР ҚКнің 222-бабы, 1- бөлігі бойынша Түркістан қаласы ПБ-на тіркеуге алынды. Нәтижесінде полицейлертөрт азаматты анықтады. Оның бірі контрафакті өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі – Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде