{metadescription}
Өскеменде психологиялық денсаулық орталығының тоз-тозығы шыққан
Өскеменде психологиялық денсаулық орталығының тоз-тозығы шыққан

Өскеменде психологиялық денсаулық орталығының тоз-тозығы шыққан

Өскеменде ата-аналар тоз-тозығы шыққан психологиялық денсаулық орталығының қазіргі  күйіне алаңдап отыр. Олар кішкентай науқастарды қабылдайтын емханадан сау адамның зәресі ұшады дейді. Оның үстіне ескірген бес қабатты ғимаратта СПИД орталығы мен наркология диспансері орналасқан. 

Гүлнар Қабдуланова, Өскемен тұрғыны:

- Жөндеусіз қалған.  Дәретханасының бәрі бәрі бытшыт. Бұл жерде наркодиспансер, ВИЧ диспансері бар. Нашақорлар отырады. Балаларға қауіпті ғой! Осында келеміз. Түк жөндеу жұмысы жасалмаған ғимарат.

Кіреберісінен бастап, қабырғасы тоз-тозығы шығып сыз тартқан. Құбырлары қарайған мекемеге күн сайын ата аналар науқас балаларын әкеледі. Келген сайын мемлекеттің иелігіндегі ғимараттың мұншалықты жағдайға жеткеніне таң қаламыз дейді.

 Ал орталық басшылығы өңірде сегіз бірдей аурухананы біріктіргенде осы ғимарат наркологиялық және жүйке аурулары бағытында жұмыс істейтін болып қалғанын айтады. Былтыр жедел жәрдем орналасқан ауруханаға көшірмекші болған. Бірақ, коронавирус шарасы кедергі болған. Енді арнайы мекемеге жаңа ғимарат тұрғызу жоспарланып отыр. Бірақ қашан салынатыны  белгісіз. Ал орталықта жөндеу жасауға қаржы жоқ. Сондықтан ерекше балалар нашақорлар емделетін ғимараттан әзірге ешқайда кетпейді.

Мирхат Мұқышев, ШҚО Психиатрия денсаулық орталығының директоры:

- Денсаулық сақтау министрлігі біздің мекемені қаржыландыруды науқас санымен байланысты болуы керек деп шешті. Яғни науқас саны көбейсе, қаражат та соған қарай көп бөлінеді. Ал біз есепте тұрған жүйке аурулары азайса екен дейміз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде