{metadescription}
Екі үстелмен басталған кәсіп асханалар желісіне ұласқан
Екі үстелмен басталған кәсіп асханалар желісіне ұласқан

Екі үстелмен басталған кәсіп асханалар желісіне ұласқан

Екі үстелмен басталған бизнес асханалар желісіне қалай ұласты? Осыдан 20 жыл бұрын атажұртына қоныс аударған Күмісша Слам жетістікке жету құпиясымен бөлісті. Бүгінде отбасы кәсібін басқарып жүрген іскер келіншек арғы беттен тарихи Отанына оралғысы келетіндердің мұнда бизнес бастауына еш кедергі жоғын айтады. 

Әр күннің жоспарын тақтаға тәптіштеп жазу Күмісшаның айнымас әдеті. 2002 жылы дәл осы табанды тегеурінмен Қытайдан түбегейлі Қазақстанға оралды. Оқуын аяқтап, тұрмыс құрды. Заманның ағымынан қалмайын деп, жолдасы Жұмабекпен 2009 жылы кәсіп ашуға бел буады. Ә дегенде, әрине оңай болмады.

Күмісша Слам, кәсіпкер:

- Жұмысымызды бастап,  екі стөлі бар, басында кішкене қиын болды. Оңай емес, бұрын жеке кәсіп істеп көрмеген, бірақ Аллаға шүкір, мемлекет жағынан қатты бір кедергі болған жоқ. Барлығы өзіне байланысты ғой, жүгіріп жанталасып, екеуміз екі жақтап жүріп жұмыс істедік. Бірінші жылы сәл қиын болды, бірінші жылдың келесі жартысынан бастап кәсібіміз төрге дөңгелей бастады.

Қиындыққа мұқалмай, сынақпен шыңдалу арқылы Жұмабек пен Күмісша қазіргі дәмханалар желісін ашуға қол жеткізді. Төгілген тер ақталды. Бүгінде 100-ге жуық адамның нәпәқасын табуына мүмкіндік жасады.

Абдолла Мәулет, дәмхананың техникалық директоры:

- Осы кісілердің жұмыс беруінің арқасында 80нен артық жұмыспен қамтылып отыр. Бұл жерде енді әр жанұяда үштен, төрттен бала-шағаны санайтын болсаңыз, біраз адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Сондай деп қарастырамыз, сол үшін қуанамыз, мақтанамыз және болашаққа үлкен жоспарларымыз да бар.

Күмісша Слам Алтай баурайында қалған туысқандарымен үнемі байланыста. Олар да атажұртына оралып, қоғамда кетігін тауып қалануды қалайды. Кәсіпкер келіншек қазақ тілінің мәртебесін қай салада болмасын көтеру 0 бәрімізге міндет дейді.

Күмісша Слам, кәсіпкер:

- Қазақ тілі экономика тілі емес, мәдениет тілі емес, техника тілі емес дегенге қарсымын. Әрқандай адам даму үшін, бірінші өз тілін, өз ұлтын, өз қазақ тілін, өз ана тілін сүюі керек деп ойлаймын. Ары қарай өз ана тілін сүйген адамға, өз тілін жақсы әдеби меңгерген адамға кез келген техника тілін, экономика тілін меңгеру қиын емес.

Көпке үлгі болған отбасы бұл жетістікке тоқмейілсімей, ары қарай кәсібінің өрісін кеңейтсек дейді. Кежегесі кейін тартып бизнес бастауға батылы бармай жүргендерге айтары: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде