{metadescription}
Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры «Бремен музыканттары» қойылымына шақырады
Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры «Бремен музыканттары» қойылымына шақырады

Н. Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры «Бремен музыканттары» қойылымына шақырады

Балаларға базарлық! Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры күзгі фестивальді «Бремен музыканттары» қойылымымен ашты. Өнер ұжымы аты аңызға айналған туындыдағы көңілді Трубадур мен сұлу ханшайым және достары жайындағы хикаяға жаңа леп берген.

Спектакльде адал достық пен нәзік махаббат, өнерге деген құштарлық жырланады. Басты рөлдегі гитарашы жігіт кезбе әртіс. Ол музыкант достары ит, есек, әтеш және мысықпен бірге патша сарайына цирк қойылымымен келеді. Сөйтіп ханшайымды көре сала ғашық болып, жар етудің жолын іздейді. Осылайша қойылымда баянды махаббат үшін бар күшін сарп ететіні көрсетіледі. Ал оның шытырман оқиғадан жапа шекпей өтуіне көмектесетін –  адал достары. Дәл осы тұста сатқындық пен адалдықтың ара жігі ажыратылады дейді режиссер. Спектакльді  алты жастан асқан барлық көрерменнің тамашалауына мүмкіндігі бар.

Владимир Крылов, Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері:

- Біз көрерменге ең керемет деген топтамаларды таңдадық. Әлемдік классикадан бастап, «Маугли», Оскар Уайлдтың «Кентервилл елесі». «Незнайка және оның достары» сынды барлық қызықты әрі әсерлі қойылымды халыққа ұсынбақпыз. Сол себепті үлкендікішінің барлығына отбасымен келіп көруіне кеңес беремін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде