Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген бағалы заттар құны 230 миллион доллардан асады
Қайрат Сатыбалдыны тергеу амалдары аясында ірі көлемде асыл тастар мен зергерлік бұйымдар тәркіленіп, мемлекет меншігіне қайтарылған. Антикор таратқан ақпаратқа қарағанда, эксклюзив бағалы заттардың жалпы құны 230 миллион доллардан асады.
Автор: Айғаным Достанбай
02.11.2022
Қайрат Сатыбалды жуырда ғана сот үкімімен алты жыл жаза арқалағанымен, тағы бірнеше баппен тергеліп жатыр. Агенттік жуырда мемлекетке тағы 300 миллион доллар қайтарылатынын мәлімдеді. Тәркіленген қаржы таяу арада ел бюджетіне түседі дейді агенттік өкілдері.
Тамыз айында да осы іс бойынша айыпталушылар заңсыз иемденген, құны 500 миллион доллар болатын активтерін қазынаға қайтарған болатын.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу фактісі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне қайтарылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу, елге қайтару жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!