Теміртауды жылумен қамтитын мекеме басшысы қызметінен кетті
Теміртауда қаланы жылумен қамтитын мекеме басшысы қызметімен қоштасты. Жылу маусымы басталғалы құбыры сан рет жарылған қаланың әкімі мекемедегі басшының орнына оның бас инженерін отырғызды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
02.11.2022
Гүлнұр Әбдіғалиева, Темірату әкімінің баспасөз хатшысы:
- 1 қарашада «Оқжетпес Т» ЖШС басшысы болып Сергей Роботягов тағайындалды. Жаңа басшының мамандығы инженеқұрылысшы. Еңбек жолын 1998 жылы насос станциясында шебер болып бастаған. Жаңа қызметке дейін бас инженер болып жұмыс атқарды.
Теміртауда жылу маусымы кеш басталды. Оған дейін тұрғындар бірер апта бүрсеңдеген. Енді жылу берді ау дегенде, жамап жатқан негізгі құбыр тағы жарылып, көпқабатты 58 үй екі-үш күн жылусыз қалды. Осыдан кейін қала басшысы кадр өзгерісін жасау шешімін қабылдаған. Бірақ қаладағы коммуналдық апаттарға жұмыстан шығарылған басшымен қатар жаңа тағайындалған Сергей Роботягов та жауапты болған. Ал қаладағы жылу жүйесі әбден тозған, күнін әрең көретін мекемедегі жалақы аз және маман тапшы. Шенеуніктер осы проблемаларды шешуде қандай жұмыс атқарылатынын айтудан жалтарды. Сондықтан құбыр ауыстыруға шамасы жетпейтін мекеменің басшысы ауысқаннан жағдай қалай өзгеретініне тұрғындар сенбейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!