{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаб мүшелері Алматы облысында жүр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаб мүшелері Алматы облысында жүр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаб мүшелері Алматы облысында жүр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысында жүр. Олар сайлаушылармен кездесуді Өтеген батыр кентіндегі балалар ауруханасынан бастады.

Дәрігерлермен кездесуде үміткердің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі тетіктері талқыланды.

Жақтастар одан әрі Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде бас қосты. Мұнда ауылдағы инфрақұрылымды жаңарту сөз болды. Сонымен қатар көпбалалы аналар, құрметті азаматтармен де жиын өткізді.

Азат Перуашев, Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшесі:

- Біз еліміз үшін тағдырын шешу кезінде дұрыс таңдау жасауымыз керек. Дұрыс ел басқаратын адамды сайлауымыз керек. Киелі құндылықтарымызды сақтасақ, ары қарай біртіндепбіртіндеп өркениеті мықты мемлекетке айналуымызға еш күмәнім жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.