{metadescription}
Сәби саудасымен қатар жасөспірімдер мен ересектер де саудаланған
Сәби саудасымен қатар жасөспірімдер мен ересектер де саудаланған

Сәби саудасымен қатар жасөспірімдер мен ересектер де саудаланған

Елімізде сәби саудасы тыйылмай тұр. Тек жыл басынан бері осындай тоғыз дерек тіркелген. Нәрестені саудаға салғандар да, тіпті осы ауыр қылмысқа жанама қатысы барлар да түгел ұсталып, тергеу жүріп жатыр. Елде жасөспірімдер мен ересектер де саудаға түседі екен. Тек бұл ақысыз ауыр жұмыстарға жегілуге қатысты.

Өкінішке қарай, осындай еркінен тыс қамап ұстау, ұрып-соғудан бақилық болып кеткендер бар. 

Әлібек Оразалы, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқарма бастығының орынбасары:

- Биыл адам саудасына қатысты 10 қылмыс тіркелді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдерді жөзекшелікке тарту фактісі – 8, ал жас нәресте сатып алу фактісі 9 екені анықталып отыр. Адам саудасына қарсы осы баптар, бізде азамат бар, жәбірленуші бар, күдікті де бар болғандықтан, қылмыстық іс қозғалады.

Тамыз айында Шымкентте адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Құрамында жеңгетайлық жасаған 11 адам болған. Олар жақсы айлық төлейміз деп, оң-солын танып үлгермеген 18 қызды алдап соққан. Соңында бәрін жөзекшілікпен айналысуға мәжбүрлеген. Арасында 6 қыз кәмелетке толмаған.

Елімізде адам саудасымен айналысқан қылмыскерлерге қатал жаза қарастырылған. Олар 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Енді мұндай бассыздықты жауапты мекемелер бірігіп шешуге кіріседі. Осыған дейін оқу-ағарту, еңбек, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері адам саудасына қатысты өз нормалары аясында жұмыс істейтін. Алдағы уақытта жауапты ведомстволарға ортақ заң болады. Ол 2023 жылдың көктем айында парламентке таныстырылады. Жұмысқа жегіліп немесе нәрестесін ақшаға сатып жүргендер көбіне құжаты жоқ, үй-күйінен айырылған, өмірде қиын жағдайға түскен адамдар. Ғаламтордағы платформалар арқылы жұмысқа шақырып, ақысын төлемей қоятындар да жеткілікті көрінеді.

Эльвира Әзімова, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

- Кей шетелдік азаматтар елімізге белгілі мерзімге жұмыс істеуге келеді. Бірақ олар тек ақша табуды ойлап, жұмыс берушімен ешқандай келісімшарт жасамайды. Мысалы, қазақстандықтардың үйіне құрылыс жасауға шетелдіктердің қызметіне жүгінетіні жасырын емес. Бұл қылмыс емес, әрине. Бірақ көбінде олар уәдесінде тұрмайды. Тамақ, үй-жаймен қамтамасыз етуді ұмытады. Ал бұл халықаралық талапта адам саудасына жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде