{metadescription}
Алматыда әжесі мен екі немересі бейнеленген мурал қалпына келтірілді, бірақ ...
Алматыда әжесі мен екі немересі бейнеленген мурал қалпына келтірілді, бірақ ...

Алматыда әжесі мен екі немересі бейнеленген мурал қалпына келтірілді, бірақ ...

Суретті сөйлете алмаған! Алматыда әжесі мен екі немересі бейнеленген мурал қалпына келтірілді. Көпқабатты үйдің қасбетіндегі алып картинаны жас граффити шеберлері бір аптаның ішінде салып шықты. Алайда автор көшірме бәрібір түпнұсқадай болмады деп отыр.

Сәуле Сүлейменова, суретші:

- Олар автор емес қой. Граффитишілердің сурет салу техникасы да бөлек. Біз қылқаламмен бояймыз, олар арнайы баллондардың көмегіне жүгінеді. Сондықтан түпнұсқадай қылып шығару мүмкін емес. Біз өзіміз қайта салсақ та, мурал өзгеше болатын еді. Маған әкімнің өзі хабарласқан соң, суретті қайта салдыруға келістім. Күйеуімді әрең көндірдім.

2019 жылы көпқабатты үйдің қасбетіне бейнеленген ерлі-зайыпты қылқалам шеберлерінің композициясын сылағы түсіп жатқан ескі үйлерді әрлеп жүрген мердігер компания өткен айда өшіріп тастаған. Сол уақытта әкімдіктегілер өзіне шаң жуытпай, бар кінәні құрылыс компаниясына сілтеген. Сондықтан артық қыламыз деп тыртық қылған мекеме муралды қайта қалпына келтіру шығынын түгел мойнына алған. Түрлі-түсті бояу, баллон, мен кранға шамамен бір миллион теңге жұмсалыпты. Ал суретшілер қанша қаламақы алғанын айтпады. Үш граффити шебері муралды «айнытпай салуға тырыстық» дейді. Автордың рұқсатымен іске кірістік деген олар картинаны түпнұсқаға ұқсату үшін аянып қалмағанын айтады.

Ғафура Қайырбекова, граффити шебері:

- Әр суретшінің өз стилі бар. Түпнұсқаға қарап отырып басқа автордың жұмысын қайталау өте қиын. Біз суретке қарап салдық. Бірақ автор сияқты суретті сөйлете білу басқа нәрсе. Автордың өзі муралды қайта бейнелей алмайтын еді. Муралды өшіріп тастағаны дұрыс болмады. Бірақ біз қолымыздан келгенін істедік. Тұрғындарға ұнайды деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде