{metadescription}
Қытайдан Қазақстанға көшкен Нұржәмиланың табысқа жету құпиясы
Қытайдан Қазақстанға көшкен Нұржәмиланың табысқа жету құпиясы

Қытайдан Қазақстанға көшкен Нұржәмиланың табысқа жету құпиясы

«Атажұртымызға оралып, тасымыз өрге домалады». Осыдан 20 жыл бұрын Қытайдан Қазақстанға отбасымен көшкен Нұржәмила Назарбек табысқа жету құпиясымен бөлісті. Бұл күні сұлулық салоны желісінің қожайыны осы сала бойынша халықаралық байқауда топ жарған шебер.

Елге оралатын арғы беттегі өзге қандастарға бағыт-бағдар көрсетуге дайын келіншек «экономиканы дамыту өз қолымызда» дейді.

Тарихи Отанына алғаш табан тірегенде Нұржәмила Назарбек 23 жаста еді. Тіл білмеу бастапқыда тосырқатып, қоғамнан тіксінткенмен, оның қай нәрсені болмасын үйренуге деген ынтасын өшірмеді. Нәсіптің көзі – кәсіпте екенін түсініп, арнайы курстан өткен соң, сән салонында жұмысын бастауға бел буады. Бірақ ол бірден оңайға соқпады.

Нұржәмила Назарбек, кәсіпкер:

- Кез келген салоннан итеріп шығарып отырды. Бірінші – тіл білмеймін, қалада шыны керек, тұра алмадым. Айналып келіп базардан бастадым. Сол жерде өзіміздің қандасымыздың салонының бір шетінен алып, осы косметолог саласы, массаж, жалпы емдеу секілді жұмыспен айналысып, ақырындап өзім жалғыз бастадым. Сол базарда, міне, 15 жылдан бері әпкесіңілідей болып кеткен, бірге өзімнің осы күнге жеткеніме дейін көріп отырған клиенттерім бар.

Базардың бір бұрышынан басталған бизнес бұл күні сұлулық салоны желісіне ұласты. Кәсіптің әліппесін үйренген жерін жекешелендіріп те алған. Нұржәмила Назарбек былтыр Wulop 2021 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Әлемді мойындатқан шебер шәкірт те тәрбиелейді. Артынан ерген бауырлары да түрлі  кәсіптің тізгінін ұстаған. Кезінде атажұртына оралуды аңсаған ата-анасы осы күнді көру ұлы арманымыз еді дейді.

Назарбек Баяхмет:

- Ендігі жағдай сендерде, біз өзі оқығанымыз жоқ. Ендігі кәсіп көзін ашасың ба, елмен қалай байланыс жасайсың, кіммен танысасың, қай жерге барасың, ерік өздеріңде. Қолымнан келген көмегімді істеймін, енді сендер маған көмектесіңдер, сендерге көмектесетін жағдай жоқ, қалған малды бағып жата берем деп, жатып қалдым. Балалар өз алдына кетті. Шүкіршілік істеймін. Тәубе қыламын.

Осы саланың сан қырын зерттеп, үздігі атану үшін үнемі тер төгіп жүрген Нұржәмила арғы бетте қалған өзге қандастарына үлгі. Сұрақ қойғаннан білгенін аямайды. Ақылын айтады. Атажұртына бет бұрғандардың легі тоқтамаса, әр саланың үздігі болар еді деді.

Нұржәмила Назарбек, кәсіпкер:

- Кез келген ортаға қазанның құлағы қайда барса, төртеу дейді ғой. Тек өзіңіздің ниетіңізбен, біліміңізді кез келген жерде жаратуға болады деп айтамын. Еңбек барлық жерде бірдей, тек адам ниеттеніп жұмыс жасаса, Құдайға шүкір. Алланың арқасында деп айтайық, атаанамыздың бастауымен келдік. Бесеуміз. Сол кезде ешнәрсе ұқпай тұрған баламыз ғой.

Нұржәмила Назарбектің арманы – сән, сұлулық саласы бойынша қазақты әлемге паш ету. Жалғыз ағаш орман болмайды. Сондықтан үйренем деп өзіне келгеннің бетін қақпай, белін буып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде