{metadescription}
Семейде робототехника үйірмесі ашылды
Семейде робототехника үйірмесі ашылды

Семейде робототехника үйірмесі ашылды

Семейде робототехника үйірмесі ашылды. Бұл жерде электроникадан бастап, робот интеллект бағдарламасын жазуға және түрлі роботты қолдан құрастыруға мүмкіндік бар.

Сұлтанәли Берікханов, оқушы:

- Мен робототехникаға бес жасымнан бері қызығамын. Робот құрау, компьютермен жұмыс істеген қатты ұнайды. Кішкентай кезімде бір арманым болды – ескі модельдегі Форд көлігін жасау.

«Озық ұрпақ» атты пилоттық жобаны Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолға алуда. Ұйымдастырушылар, робототехника үйрімесін жаңа құрылған облыстарда ашуды жөн санаған. Сондықтан олар бір мезетте Семей мен Жезқазған қаласында жұмысын бастап кетті. Ол үшін қос шаһардағы 10 мектеп таңдалған. Енді үйірме 500-ге жуық баланың қабілетін ашып, техника тілін үйретеді. Сондай-ақ жоба шеңберінде оқушыларға дәріс беретін 30 мұғалімнің біліктілігін арттыру көзделген.

Медеу Қарсақбаев, Нұрсұлтан Назарбаев қорының үйлестірушісі:

- Бұл үйірменің артықшылығы, басқа жобаларда оқушыларды тартатын болсақ, бұл жерде біз тікелей оқытушыларға да мән беріп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде