Қаңтар оқиғасы: Қамалғандардың біразы бостандыққа шығады
Қаңтар оқиғасынан кейін қамалғандардың біразы бостандыққа шығатын болды. Президент «Рақымшылық туралы» Заңға қол қойды.
Автор: Айғаным Достанбай
02.11.2022
Қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасы жеңілдейді. Ал ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады. Бұдан бөлек, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза мерзімін қысқарту көзделген. Егер сотталған адамның жазаны өтеу мерзімі бір жылдан аз болса, онда олар да қамаудан шығарылады.
Жалпы, рақымшылыққа мың жарым адам ілігеді. Сондай-ақ заңға сәйкес, рақымшылыққа іліккендердің балаларының мемлекеттік немесе әскери қызметте жұмыс істеуіне ешқандай кедергі болмайды. Ал террористер мен экстремистер, түрмеде адамды азаптаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен мемлекетке опасыздық жасағандарға кешірім жоқ.
Еске салсақ, қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі Жолдауында айтқан еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!